Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Арнайы
саиттар

ҚДИАҒО да өткен кездесу

22 қазанда Алматыда облыстық ЖИТС орталықтары басшыларының қатысуымен өткен жиында ЖИТС қызметінің қорытындысы талқыланды.

  Іс-шара гибридті форматта өтті: офлайн және онлайн.

Іс-шараны аша отырып, ҚР ДСӘДМ ҚДИАҒО директоры Асылхан Әбішев атап өтті:

Бүгінгі талдау жұмысты одан әрі жетілдіру шараларын әзірлеу үшін бізге өте қажет. Біздің қызметте белгілі табыстар мен жетістіктер бар. Бұл, әрине, қуантады. Бірақ біз проблемаларды шешіп, кедергілерді еңсере отырып, алға жылжуымыз керек.

ШҚО ЖИТС орталығының бас дәрігері Марина Жеголко АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық мониторингі, АИТВ жұқтырған адамдарға медициналық қызмет көрсету, халықтың негізгі топтарын профилактикалық жұмыстармен қамту нәтижелері туралы онлайн режимінде баяндады.

Қатысушылар АИТВ-инфекциясы бойынша нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру, үшжақты келісім аясында ЖИТС, туберкулез және безгекпен күресу жөніндегі Жаһандық қордың грантын іске асыру мәселелерін талқылады, сондай-ақ АИТВ-ның алдын алу саласындағы 2022-2024 жылдарға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс АИТВ-инфекциясын жүзеге асыру бағдарламасының жобасымен танысты.