Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Арнайы
саиттар

Ынтымақтастық туралы Меморандум.

 «Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» КМҚК, «Шығыс-Қазақстан облысының наркологиялық диспансері» КМҚК мен «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау  департаментiнің Защита бөлімшелік көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумдарға ресми түрде қол қойылды.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттарының бірі қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің құрылуы болып табылады, бұл бағдарлама Қазақстан халқының денсаулығын нығайтудағы ведомствоаралық жұмысты реттейді және үйлестіреді. Мемлекет Басшысы өз Жолдауында адами капиталды дамыту мен ұлт денсаулығын сақтау мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Қазіргі замандағы денсаулықты сақтау қымбат стационарлық емдеуге емес, аурулардың алдын алуына көбірек бағдарлануы тиіс.

Өз кезегінде, көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау Басқармасының ұжымы Жолдаудағы мақсаттарды іске асыру үшін өздерінің барлық күштерін салады, салауатты өмір салтын насихаттай отырып, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету арқылы қоғамдық денсаулық сақтау ісіне өз үлесін қосуда.

Меморандумдар аурулардың алдын алу, көлік қызметкерлері мен жолаушылардың денсаулығын нығайтудағы өзара қолдауды қамтамасыз етуге және ведомствоаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.