Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Мен өмір сүремін!

«Мен өмір сүремін!» - «Жауап беру» қоғамдық қорының кеңсесінде Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай өткізілген АИТВ/ЖИТС-пен ауыратын адамдардың ең жақсы фотосуреттеріне арналған байқау өтті.
    Байқауға 15 фотосурет ұсынылды. Таңдау қиын болды, өйткені барлық фотосуреттер ең жоғарғы баллға лайық, бірақ қазылар алқасы үш фотосуретке  тоқталды.
   1 орынды Вера алды, оған «Технодом» дүкенінен 10 мың теңге сертификат берілді.