ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.
ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.
|
Жол картасын жүзеге асыру мақсатында
admin жазған Ср, 02/21/2018 - 13:08
Защита бөлімшелік көліктегі қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында, «2017-2019 жылдарға арналған қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру және сектораралық қатынасты дамыту» Жол картасын жүзеге асыру мақсатында, көліктегі қоғамдық десаулық сақтау сұрақтары бойынша кеңес отырысы өткізілді. Кеңеске Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС алдын алу және күрес жөніндегі орталығының, «Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығы» Шығыс-Қазақстандық филиалының, Шығыс-Қазақстан облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің, Шығыс-Қазақстан облысының наркологиялық диспансерінің, Шығыс-Қазақстан облысының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының өкілдері, сонымен қатар темір жол және әуе жолы көлігінің өкілдері қатысты. Отырыс барысында өзара әрекеттестік пен ведомствоаралық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері, медициналық тексерулерді өткізу және жолаушылар мен көлік жұмысшылары арасындағы ақпараттық-түсіндіру қызметін жандандыру қажеттілігі талқыға салынды. |