Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Арнайы
саиттар

ЕАМ басшыларымен өткен жиналыс

Облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында ЮСАИД «АИТВ індетін жұқтырғандардың көшбасшысы» жобасының медициналық мекемелерінің басшыларымен жұмыс кездесуі өтті.                                                                                                                                Кездесуді «Орталық Азиялық АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Нұрали Аманжолов басқарды, ол стигма мен кемсітуді азайтуға бағытталған «Респект» жобасына Украинаға сапарының әсерімен бөлісті. Украиндық модельді ҚР қабылдау туралы шешім қабылданды.                                                                                                Өткен жылы ҮЕҰ-ның еріктілері Қазақстандағы стигма және кемсітушілік деңгейі бойынша сауалнама жүргізді, бұл жоғары болды және ЮСАИД жобасы ШҚО медициналық қызметкерлерімен АИТВ жұқтырған адамдарға толеранттылықты арттыру бойынша тренингтер қатарын өткізуге шешім қабылдады . Мұндай тренингтер алғаш рет ЖИТС орталығы «Қуат» қорымен бірлесіп өткізіледі.