ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.
ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.
|
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
admin жазған Дс, 07/09/2018 - 10:10
2018 жылғы 10 шілдеде сағат 10.00-де «Денсаулық Жолы» Ұлттық бағдарламасының аясында Глубоковск ауданының Верх-Березовка ауылының тұрғындарының Өскемен қ. емдеу-профилактикалық мекемелер дәрігерлерімен кездесу өтеді «Шығыс Қазақстан облыстық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» медициналық мекемесі ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен 2018 жылғы 10 шілдеде келесі дәрігер-мамандардың: онкологтың, балалар невропатологының Глубоковск ауданының Верх-Березовка ауылына барып қайтуын ұйымдастырады. Верх-Березовка а. тұрғындарымен кездесуге ШҚО ЖИТС-тің алдын алу және күресу бойынша орталықтың, Қызыл жарты ай қоғамының, «Қоғам дамуын ақпараттық қолдау қоры» МЕҰ мамандары қатысады. Сапардың мақсаты- ауыл халқына бейінді мамандардың кеңесін алуды ұйымдастыру; аурулардың алдын алу және халықтың ақпараттылығы мен өздерінің денсаулықтарына жауапкершіліктерін жоғарлату. Медициналық қызметкерлердің халықпен кездесуі негізгі мақсаттары болып халықтың денсаулығын дененің артық салмағының, семірудің тәуекелін төмендету үшін және инфекциялы емес аурулардың алдын алу бойынша салауатты өмір салтының негіздеріне үйрету жолымен сақтау және нығайту, құрамдарында көп мөлшерде тұз, қант, майлары (қаныққан майлар трансмайлар) бар өнімдерді пайдалануды шектеу немесе бас тарту туралы ақпараттандыру табылатын «Денсаулық жолы» ұлттық бағдарламасының аясында жүзеге асырылады. Дәрігерлер тұрғындар үшін жеке кеңес береді, ЖИТС-тің алдын алу және күресу бойынша орталық мамандары экспресс-сынақтамалау жолымен адамның АИТВ-мәртебесін анықтайды және аурудың алдын алу бойынша кеңес береді, Облыстық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары дұрыс тамақтану туралы әңгімелеп береді, МЕҰ жанұялық психологы «Отбасындағы күйзелістер» тақырыбы бойынша баяндама жасайды. Қызыл жарты ай Қоғамының, «Қоғам дамуын ақпараттық қолдау қоры» МЕҰ уәкілдері 27 жалғыз басты және ауқатсыз жанұяларға қайырымдылық көмек көрсетеді. |