Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Астанадағы кездесу.

USAID / PEPFAR қолдауымен  АИТВ / ЖИТС бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының (ЮНЭЙДС) ЖИТС-пен күрес және алдын алу жөніндегі республикалық орталығымен бірлесе отырып,АРВ  емдеуіне байланысты бір күндік кездесу өтті.
   Кездесудің мақсаты - негізгі топтардың арасында АРТ-ны сақтау туралы талқылау болды.                                                                                                                                                                Қатысушылар тізімінде: ҚРДСМ қоғамдық кеңесінің төрағасы Н. Петухов, ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Л.М.Ахметниязов, ҚР ДСМ фармация комитетінің төрағасы Л.В.Борабекова, Республикалық ЖИТС орталығының бас директоры Б.С.Байсеркин, РЖИТС орталығының клиникалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі С.Ж.Қасымбекова,ЖИТСпен күрес жөніндегі Жарандық қордың жобасын жүзеге асыру жөніндегі бөлімінің коммуникация бойынша маман К.А.Жетпісбаева,ЖИТСпен күрес жөніндегі ЖҚ жобасы АИТВ компоненттері бойынша ұлттық координатор т.И.Даулеткалиева, облыстық қалалық ЖИТС орталықтардың бас дәрігерлері. Oблыстық ЖИТС  орталығының бас дәрігері Жеголко       

               Марина Владимировна «Шығыс Қазақстан облысында АРВ-ны сақтау үшін АИТВмен өмір сүретіндерге  қызметтерін ұсынудың өзекті мәселелері» тақырыбында презентация өткізді. Кездесуге қатысушылар осы мәселелер қалай шешіліп жатқанын және аймақтағы нақты терапияның сақталуын арттыру үшін не істейтінін білді.