ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.
ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.
|
Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментімен кездесу.
admin жазған Жм, 12/03/2021 - 14:12
Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету бөлімінің басшылығымен және Өскемен қаласында орналасқан медициналық бөлімшелердің басшыларымен (ОВ 156/1,2,3,20 мекемелер) ШҚО ЖИТС орталығында ведомствоаралық кеңес өтті. Жиналыстың күн тәртібі: - бірлескен іс-шаралар жоспарының қорытындысын шығару; - облыстағы және пенитенциарлық жүйедегі АИТВ-ның эпидемиологиялық жағдайы. Баяндамашы: эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі С.Қ.Кеңиспекова; - ҚАЖД мекемелерінде АИТВ мен өмір сүретіндерді диспансерлік бақылау. Баяндамашы: Емдеу алдын алу бөлмінің меңгерушісі Н.А. Оралбаева ; - қан сынамасын алу және биоматериалды диагностикалық зертханаға жеткізу. Баяндамашы: диагностикалық зертхана меңгерушісі О.Корякина; Отырыс нәтижесінде 23 тармақтан тұратын жазбаша шешім қабылданды.
|