Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Арнайы
саиттар

Риддерде өткен семинар

Шығыс Қазақстан облысы ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы Әйгерім Батырханова облыс орталығынан 130 км қашықтықта орналасқан Риддер қаласына аттанды, онда іс-шаралар жоспарына сәйкес аумақтық медициналық бірлестіктердің медициналық қызметкерлеріне консультациялық-әдістемелік көмек көрсетті, дәрігер семинар өткізіп, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді. Семинар барысында АИТВ-ға қатысты заңнамалық және нормативтік-құқықтық базадағы өзгерістер туралы айтылды. Қатысушылар перинаталдық жолмен берілудің (ПЖБАА) алдын алу мақсатында жүкті әйелдер арасында АИТВ-ға тестілеуді қамтуды арттыру мәселесін талқылады. облыстың аудандарында ПЖБАА бойынша талдау жасады.

Іс-шараға 15 адам қатысты.