Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Арнайы
саиттар

Оңалту орталығындағы семинар

26 мамырда Облыстық ЖИТС орталығының эпидемиологы Наталья Селезнева 5 жыл бұрын Өскеменде ашылған Оңалту орталығының медициналық қызметкерлерімен семинар өткізді.

Семинарда эпидемиологиялық ахуал туралы, заңнамадағы жаңашылдықтар туралы, медициналық манипуляциялармен байланысты инфекциялардың алдын алу шаралары туралы, экспозициядан кейінгі профилактика туралы, АИТВ-ға тестілеудің клиникалық-эпидемиологиялық көрсеткіштері туралы және, әрине АИТВ-мен өмір сүретін адамдар үшін стигмадан аулақ болу туралы ақпарат берілді.

 Мұндай шара оңалту орталығында бірінші рет өткізіліп, оған 49 адам қатысты.