Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Онлайн режимде дөңгелек үстел

Шығыс-Қазақстан облысының ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігерлері және «Куат», «Answer» үкіметтік емес ұйымның өкілдері ҚР ДСМ «Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК бастамасымен ұйымдастырылған дөңгелек үстелге қатысты. Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен халықтың негізгі топтары АИТВ қызметтерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге дайындығын бағалау тақырыбында өткізілді. Сонымен қоса үкіметтік емес ұйымдарға халықтың негізгі топтары арасында АИТВ алдын алу, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қамқорлық және қорғау тақырыбында әлеуметтік тапсырыс сұрақтары бойынша ұлттық консультанттың ұсыныстары берілді.
Дөңгелек үстелдің қатысушылары: республикалық медициналық үйымдардың өкілдері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі жергілікті орталықтардың өкілдері, Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдардың ҚФ/ҚҚ/ЗТБ өкілдері.