Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Арнайы
саиттар

ЕпенЕ арасында өткізілген тренинг

Жаһандық қордың жобаларын іске асыратын қызметкерлерді оқыту шеңберінде Өскеменде ҮЕҰ-ның аутрич-қызметкерлері мен клиенттерге кеңес беретін ЖИТС орталықтарының мамандары үшін тренинг өтті.  Тренингтің мақсаты - қызметкерлерді қатынасқа дейінгі профилактика алгоритміне, тестке дейінгі және кейінгі кеңестерге, әлеуметтік қолдау мен ҮЕҰ қызметкерлерін медициналық мамандармен үйлестіруге, сондай-ақ клиенттермен және пациенттермен байланыс негіздеріне үйрету болып табылады. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің серіктестік қолдауымен «Қазақстандағы АИТВ-жұқпасының алдын-алу бағдарламасына ЕпенЕ және транс  адамдарды тарту» жобасын жүзеге асыратын ғылыми-практикалық бастамалар орталығы ҚҚ ұйымдастырды. (Aman Bol PREP). Aman Bol PrEP достық кабинеттердің рөлін кеңейтеді, оларды қоғам мен ЖИТС орталықтары арасындағы басты байланысқа айналдырады, диагностикалық, диспансерлік бақылау және ерлермен жыныстық қатынасқа түсетін еркектерді емдеу қызметтерін (ЕпенЕ) қамтамасыз етеді.

Тренинг соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.