ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.
ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.
|
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні Қазақстанда АИТВ стигмасын азайту үшін жасөспірімдер мен жастарға арналған жарыс басталады!
admin жазған Жм, 12/03/2021 - 15:02
JasSpark жобасы аясында Колумбия университетінің Орталық Азиядағы жаһандық денсаулықты зерттеу орталығы АИТВ стигмасын азайту және АИТВ-ға тестілеуді арттыру мақсатында медиа-контент жасау үшін жасөспірімдер мен жастарға арналған байқауды бастайды. ✅Байқаудың мақсаты – АИТВ стигмасын төмендетуге және АИТВ-ға тестілеуді арттыруға бағытталған жасөспірімдер мен жастарға қатысты релеванитты контент жасау. ✅Байқауға 13 пен 29 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жастар қатыса алады. ✅Байқауға әртүрлі мазмұнды жіберуге болады: суреттер, бейне, аудио немесе мәтін ✅Финалға қатысушылар Колумбия университетінің жүлделері мен қатысу сертификаттарын алады ✅Финалға қатысушылардың жұмыстары ғылыми зерттеуге енгізіліп, кейін жарияланады ✅Жұмыстар 2022 жылдың 1 ақпанына дейін тапсырылуы тиіс Толық ақпаратты мына сайттрдан алуға болады: jasspark.ghrcca.org, https://www.tiktok.com/@jasspark_kz https://www.instagram.com/jasspark_kz/
|