ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.
ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.
|
Глубокое ауданына іссапар.
admin жазған Сс, 03/02/2021 - 14:14
Бүгін Глубокое аудандық орталық ауруханасының медициналық персоналына практикалық көмек көрсету мақсатында облыстық ШҚО ЖИТС орталығының мамандары Глубокое ауданына барды. ЕАККжәнеД бөлімінің меңгерушісі Наталья Оралбаева, АИТВ мәселелері бойынша кеңес беріп, АИТВ-ға қабылдау жүргізді. Гинеколог Динара Мукушева В-20 диагнозымен «Д» есебінде тіркеуде тұрған әйелдерді тексерді. Мейірбике Людмила Авдеева ВН және СD 4 зерттеу үшін қан алды. Эпидемиологиялық бөлімнің меңгерушісі Сәуле Кеңиспекова «Халықты зерттеудің ұлттық тізілімі» электронды базасына деректерді енгізу кезінде аудандық медицина қызметкерлерінің жіберетін қателіктерін талдады. Сенім пункттерін аралап көрді. Жұмыс соңында ЖИТС орталығының мамандары ауылдық дәрігерлік амбулаториялармен онлайн режимінде АИТВ мәселесі бойынша семинар жүргізді.
|