ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.
ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.
|
АИТВ -ның алдын алу бойынша медицина мамандары үшін семинар
admin жазған Жм, 08/06/2021 - 09:22
2021 жылдың 4 тамызында Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығының эпидемиолог дәрігері Татьяна Башкирцева Өскемен қаласындағы «Амбулаториялық-емханалық орталық» ЖШС медицина қызметкерлеріне АИТВ инфекциясының алдын алу, жаңа нормативтік құжаттармен танысу, клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша АИТВ -ға құпия медициналық тексеру жүргізу ережелері бойынша семинар өткізді. Тіркеу кезінде және жүктіліктің 28-30 аптасында жүкті әйелдердің АИТВ-инфекциясын уақтылы тексеруге ерекше назар аударылды. Барлық туындаған сұрақтарға жауап берілді. Барлығы 21 адам қатысты.
|