Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының ЖИТС-тің алдын алу және күрес жөніндегі орталығы» ШЖҚ КМК орналасқан мекен жайы

Эпид. жағдай

ШҚО 2021 жылдың 30 қараша АИТВ-жұқпасымен 5084 адам тіркелді.

ШҚО тұрғындары арасында 15-49 жас аралығындағы АИТВ-жұқпасын жұқтырғандардың таралуы 0,44% құрады.

Арнайы
саиттар

«Жазғы лагерьде» өткен тренинг

    16 мен 19 шілде аралығында «АИТВ-ға арналған жазғы лагерь» жобасы аясында «Халықтың осал топтарымен жұмыс жасау мәселелері бойынша қызметтің құқықтық негіздері» тренинг өткізілді. Тренинг мақсаты: Шығыс Қазақстан облысындағы ҮЕҰ-да әрі қарай жұмыспен қамту және жұмыс істеу үшін халықтың осал топтарымен жұмыс істеу үшін негізгі дағдыларға (құқықтану, психология,АИТВ нің алдын-алу) АИТВмен өмір сүретіндерді  оқыту.

Тренер Марина Жеголко Қазақстандағы денсаулық сақтау және АИТВ саласындағы заңнаманы таныстырды. Жоба психологы командалық жұмыс дағдыларын дамыту үшін бірнеше ойын әрекеттерін ұсынды.

Сабақтан кейін қатысушыларға Бұқтырма су қоймасында қайықпен серуендеуге мүмкіндік берілді, сонымен қатар спорт залы жалға алынды.Тренингкеқатысушыларға өздерінің жеке ойларын, сенімдерін, гомо сексуалдардың өкілдеріне қатысты көзқарастары мен мінез-құлқын және олардың кәсіби мінез-құлыққа әсерін зерттеуге көмектесті. Іс-шараға Амстердам сауда палатасында тіркелген, голландиялық «AFEW» коммерциялық емес ұйымы демеушілік жасады.