Жақында ШҚО жеке зертханалары халықтың АИТВ-ға тексерілуіне айтарлықтай көмек болды. Соның бірі - «Дивера» медициналық орталығы. ШҚО ЖИТС орталығының эпидемиология бөлімінің меңгерушісі Сәуле Кеңиспекова АИТВ үшін қан сынамаларын алуға және ХҰТ базасын жүргізуге жауапты медициналық қызметкерлер үшін семинар өткізді. Семинар тақырыбы: «АИТВ-инфекциясы. Биологиялық материалмен жұмыс жасау кезіндегі әмбебап сақтық шаралары. АИТВ-ға тестілеу үшін биоматериалды жеткізу ережелері. Тестке дейін және тестен кейінгі кеңес беру. АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға стигма және дискриминация»
